"Қазақстан мұғалімі -2021" ұлттық премиясы
Алматы қаласында "Қазақстан мұғалімі -2021" ұлттық премиясының марапаттау рәсімі өтті. Осы іс-шараны жүргізіп, марапттау рәсіміне қатысуға шақыру алдым. 2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға Қазақстанның кез келген ұстазы өзін өзі ұсына алады. Тәуелсіз эксперттік комиссия үздіктерді анықтайды . Биыл 64 мұғалім қатысып, оның ішінен он ұстаз Алматыда арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл ондық "Әлем мұғалімі" халықаралық байқауына қатысуға жолдама алды.