Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Палаталарының біріккен отырысында қойылған сұрақ

21.06.2021 0

 

Премьер-Министрдің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа және Ішкі істер министрі Е. З. Тұрғымбаевқа  сұрақтар

(2021 жылы 21 маусым)

 

 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

Бізде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бар. Осы бағдарламаға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің 70 пайызын  тексеру жоспарланған. Біз сол жұмыстың атқарылғандығы жөнінде  Үкіметтің есебін қарап шықтық.

 

Тексерістен өткен нысандардың 77 пайызы террористік әрекеттерге   төтеп бере алтындай, қорғалған  жағдайда екен. Бұл қандай нысандар: білім, денсаулық сақтау мекемелері және мәдениет ошақтары.

 

Татарстанның Қазан қаласында болған  қайғылы жағдай жалпы мектептердің қорғансыз екенін көрсетті. Бір ғана күзетшінің мұздай қаруланған  қара ниет адамның алдында қауқарсыз екенін айқын дәлелдеп берді.  9 адамның өмірін қиып, Қазанды қара жамылдыру үшін, Гилявиевке  аз ғана уақыт керек болды.

 

Бұл бәріміз үшін сабақ болатын қанды оқиға. Сондықтан бұл нысандар үнемі біздің жіті бақылауымызда болуы керек. Білім, денсаулық, медениет нысандарының  қауіпсіздік жағынан  жабдықталуы заманға сай үнемі жаңартылып тұруы қажет деп есептейміз.

 

Ералы Лұқпанұлы, тексерістен өткен  нысандардың шынтуайтында алынбайтын қамалдай террористік әрекетке төтеп бере алатындай жағдайда ма?

 

Үкімет тарапынан қандай да бір  ұйымдастырушылық,  құқықтық, материалды-техникалық сипаттағы  жүйелі шаралар қабылданып жатыр ма?  Әңгіме балаларымыздың қауіпсіздігі туралы ғой!

 

2. сұрақ: Ерлан Заманбекұлы, осы мәселеде сіздер жүргізіп жатқан нақты  жұмыстың, нақты тізімін берсеңіз?

 

 

Бөлісу