Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Дана Нұржігіт мектеп оқушыларымен кездесті

05.11.2021 0

Сенат депутаты Дана Нұржігіт Парламент Сенатының ғимаратында «Білім Инновация» мектептерінің оқушыларымен кездесіп, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, миссиясы мен мемлекеттік құрылым туралы сұхбаттасты.

«Сіздерді мемлекеттік қызмет қызықтырса – бір дүниені ескерулеріңіз қажет. Мұнда келерде нақты мақсаттарыңыз болғаны абзал. Себебі сіздердің білімдеріңіз бен адал ұстанымдарыңыз мемлекеттің жарқын болашағына кепіл бола алады. Мемлекеттік қызметкерлер қатарына қосылған күннен мемлекет мүддесі тұрғысынан ойлануды өзіңізден талап етулеріңіз керек»,- деді депутат.

Кездесу барысында сенатор оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінен келген оқушыларға Сенат ғимаратына экскурсия жүргізілді.

Бөлісу