Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Дана Нұржігіт «Жас сарбаз» ұлттық орталығында болды

12.11.2021 0

Бүгін Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Нұржігіт «Жас Сарбаз» патриоттық қозғалысының қатысушыларымен кездесті. Аталған республикалық қоғамдық қозғалыстың құрылғанына үш жыл толып отыр, осыған орай сенатор жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.

«Мемлекеттің патриоттық тәрбие мәселесіндегі басты мақсаты өскелең ұрпақтың ұлттық санасын, бірінші кезекте тілге, ұлттық құндылықтарға деген құрметін, қоғам алдындағы жаупкершілік пен адам өмірінің құндылығын, еңбекті бағалау, заң үстемдігінің маңыздылығын, сондай-ақ, туған елінің Тәуелсіздігінің құнын  білу туралы түсінік-пайымын  қалыптастыру. Мұның барлығы түптеп келгенде ұлттық қауіпсіздік мәселесі», - деді сенатор кездесу барысында.

Дана Нұржігіт палата комитетінің атынан сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жеке кітапханасынан «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларға 100 кітап сыйға тартты. Онда әлем және қазақ авторларының кітаптар жиынтығы ұсынылған.

Бөлісу