Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Агроөнеркәсіп кешеніндегі проблемаларды талқылау бойынша өткен Парламенттік тыңдауда көтерілген сұрақ.

03.12.2021 0

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту  үшін жасалған 2021-2025 жылдарға арналған  жоспарда еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру,  500 мың жұмыс орнын ашу қажет керек деп жазылған.

 Бүгінгі жағдай барімізге белгілі. Маман тапшы, инфрақұрылым иа жоқ, иа заманға сай емес. Ауылға жастардың барғысы жоқы. Менің атым қожадағы Сабира апайдың айтуынша «Жігері тасып сауыншы болам дейтін жастар кем.»

"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы іс жүзінде күтілетін нәтиже бермеді.

Ұлттық экономика министрлігінің өкіліне сұрақ: Ауылды көтеру үшін жаңа буын келу керек, жастарды қызықтыратын қаржылық қолдау,  әлеуметтік қолдау, яғни ынталандыру қажет. Осы бағытта қандай жұмыс жасап жатырсыздар?

Ауылға келіп мал шаруашылығымен айналысамын дейтін жастармыз бар болса, олардың мамандығы осы салаға сай болуы керек. Ауылда жетпейтін мамандықтардың бірі ол – ветеринар/дәрігер.

Осы тұста Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрақ:

Алдағы 2-3 жылда ветеринарлық қызмет саласындағы мамандар тапшылығы бар мәселелерді қалай шешу жоспарлануда?

 

Бөлісу