Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңжобасын қолдау бойынша баяндама

03.02.2022 0

Қаңтар қақтығыстарын тоқтатуға өз кезеңінде қол қойылған халықаралық шарттардың септігі зор болғанын айта кеткен жөн. Осы орайда Қазақстан қол қойған халықаралық шарттар үнемі сарапталып, жетілдірілу үстінде болуы қажет. Бүгінгі қарауымыздағы заң жобасы осы мақсатта әзірленген.

        Заң жобасы халықаралық шарттар құқығының нормаларына сәйкестендіру, яғни Вена конвенциясына, сондай ақ орын алған коллизияларды жою мақсатын көздейді. Жоба шеңберінде кейбір ұғымдар қайта қаралып, нақтыланды. Халықаралық шарттарға еліміздің атынан қол қою өкілеттігіне қатысты нормалар да жетілдірілді.

        Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы заң жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын тұтастай қабылдауды ұсынады.

Рақмет!

Бөлісу