Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Алматы қаласындағы клиникалық ауруханаларда болды

20.03.2022 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Сұлтанбек Мәкежанов, Дана Нұржігітова және Нұртөре Жүсіп қалалық клиникалық ауруханаларда болды.

Сенаторлар медицина қызметкерлерімен кездесуде халыққа көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын одан әрі жақсартуға арналған құрал-жабдықтармен аурухананы жабдықтау мәселелерін талқылады.

Клиникадағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және оның көлемінен тыс ақылы қызметтер түрінде мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде оңалту көмегін көрсету туралы сенаторларға жан-жақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ аурухананың жақында кең ауқымды қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілгені туралы айтылды.

Парламентшілер медицина қызметкерлерімен ғана емес, пациенттермен де сөйлесті. Депутаттар аурухананың тыныс-тіршілігінің проблемалық жақтарына, медициналық қызмет көрсету жүйесінің мәселелеріне де алаңдаушылық білдірді.

Кездесу аясында жаңадан жөнделген қалалық пульмонология орталығының салтанатты ашылуы болды.

Бөлісу