Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Дана Нұржігіт Қызылорда облысындағы бірқатар өңірлерді аралады

08.07.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының бірқатар өңірін аралап, жергілікті халықпен кездесіп, палата қабырғасындағы жұмыстар бағыты туралы баяндады.

Осы орайда сенатор Қазалы ауданына қарасты Лақалы ауылында болып, оның  жай-күйімен танысты. Депутат ауыл орталығында орнатылған «ҚҰРМЕТ АЛАҢЫНЫҢ» ашылуында болып, мұндағы жаңадан салынғалы жатқан мешіттің алғашқы іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ сенатор ауыл тұрғындарымен еркін форматтағы кездесу өткізді.

«60 үй ғана тұратын шалғайдағы мекен Лақалының мен үшін орны бөлек. Ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерінің ең негізгісі ауылға кіреберістегі 7 шақырымдық жолды жөндеп, мәдениет ошағы - ауыл клубын салып берсеңіздер деп отыр. Алдағы уақытта осы мәселелердің шешілуіне күш салатынымды жеткіздім»,- деді сенатор.

Сонымен қатар сенатор Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде өткен «Саналы ата-ана – бақытты бала» атты семинар-тренингіне қатысты. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен өткен шараға 50-ге жуық ата-ана қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты балаларға қатысты физикалық немесе психоэмоционалды зиян келтіру мақсатымен қайталанатын агрессивті әрекеттердің алдын алу және болдырмау. Көп жағдайда балалар арасында болатын басыну, жәбірлеу, ұрып-соғу, ақша бопсалау, затын бүлдіру, мазақтау секілді әрекеттер кездегі ата-ананың балалардың психоэмоциясын бұзып алмай жедел көмек көрсету бойынша оқыту болады..

Бөлісу