Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Дана Нұржігіт «USTAZ QURULTAY 2022» конференциясына қатысты

20.08.2022 0

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт «USTAZ QURULTAY 2022» атты педагогтарға арналған заманауи форматтағы бірінші конференцияға қатысты. Іс-шараға қатысу үшін Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі қалаларынан 300-ге жуық мұғалім мен мектеп директоры келген.

Сенатор Дана Нұржігіт жаңа буын педагогының міндеттері мен ресурстарына қатысты өз пікірін білдірді. Атап айтқанда, депутат білімнің маңызы мен оның өзектілігін арттыру мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ ол білім беру саласына қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы, ақпараттық қауіпсіздік және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы айтты. Дана Нұржігіт педагогтер барлық әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуы керек екенін де тілге тиек етті.

Бөлісу