Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасы

09.03.2021 0

Шартта Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін және тауарлары шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғау беру тәртібі, өтінім берушілер мен құқық иеленушілердің құқықтары көзделген.

Көрсетілген объектілерді тіркеудің өңірлік жүйесін енгізу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V Заңымен ратификацияланған,
Шарттың 89 бабы
).

Тауар белгілері мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын бірнеше мемлекетте қорғау үшін әр мемлекетте жеке өтінім тапсыру қажет.

Бұл жүйе бір өтінім беру арқылы бес мемлекетте бір басымдық күнін белгілеп, бір қорғау құжатын алуға мүмкіндік береді.

Шартты ратификациялау ұлттық тауар белгілері иелерінің құқықтарын шектемейді, сонымен бірге еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу