Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Нұртөре Жүсіп пен Сұлтанбек Мәкежанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларымен кездесті

09.07.2021 0

Сапар барысында депутаттар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, басшылық және ғылыми-оқытушылық құраммен әңгімелесті. Диалог барысында сенатор Нұртөре Жүсіп Парламент Сенатының өткен сессияда қабылдаған, ел халқының өмір сүру сапасы мен жағдайын жақсартуға, білім және ғылым саласын дамытуға бағытталған заң жобалары туралы, сондай-ақ пандемия барысында туындаған салдарларды жою бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сенатор қазіргі пандемия жағдайында білім беру саласындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі өзекті жағдайды уақтылы талдау, оқу орындарының ерекшелігін ескеретін неғұрлым барабар шаралар қабылдау және білім беру жүйесінің барлық қатысушыларын: оқушыларды, олардың ата-аналарын, педагогтарды және барлық деңгейдегі әкімшілікті қолдау болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта олардың білім беру жүйесінде қолданылуын одан әрі талдау үшін қабылданған іс-әрекеттер мен олардың салдарын мұқият құжаттау маңызды. Бұдан басқа, халықаралық тәжірибені ескеріп, неғұрлым тиімді практикаларды пайдалану қажет.

Сонымен қатар сенатор қашықтықтан оқыту нысанына да назар аударды. - Өздеріңіз білетіндей, «қашықтықтан оқыту» оқытушыларға бөлек орналасқан жердің шектеулерін жеңуге көмектесетін шығармашылық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді (мысалы, ойын негізінде бірлескен оқыту). Бұл жағдай ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатудың тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін, бұл төтенше жағдайда мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ынтымақтастық, шығармашылық шешімдер, басқалардан үйренуге және жаңа құралдарды қолдануға дайын болу мүмкіндіктері ерекше өзекті, өйткені мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар бір уақытта ұқсас тәжірибелерімен бөліседі. Шынында да, қазір көптеген оқытушылар бір-бірімен жергілікті деңгейде де, жаһандық деңгейде де белсенді жұмыс істейді.

Жағдай үлкен тәуелсіздікке ие болған және оқу үшін жауапкершілікті өз мойнына алу мүмкіндігіне ие болған студенттер үшін де оң нәтиже береді. Олар оқытудың жаңа форматтарын қолдана алады, қызығушылықтарына сәйкес қосымша онлайн курстардан өтіп, өз идеялары мен жетістіктерін басқа оқушылармен және мұғалімдермен бөлісе алады.

Алдыңғы қатарлы технологиялық компаниялардың белсенді қатысуы байқалады, олардың көпшілігі оқытушылар мен студенттерді қолдау үшін өз құралдары мен шешімдерін тегін ұсынады. Бұл әрекеттердің барлығы, әрине, қоғамдағы оң үрдістерді көрсетеді – деді Нұртөре Жүсіп.

Бөлісу