Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Өмірбаяны

Сүлеймен
Ләззат
Жаңылысқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

1961 жылы 10 ақпанда туған, қазақ, білімі жоғары, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

1977 жылы Талдықорған облысы Ақсу тәжірибе шаруашылығының жұмысшысы.

1983-1985 жылдары – Талдықорған облысы Чапаев орта мектебінің мұғалімі, директордың орынбасары.

1986-1990 жылдары – Талдықорған облысы Ақсу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1992-1994 жылдары – Талдықорған облыстық жастар ісі комитетінің төрағасы.

1994-1997 жылдары – Талдықорған облыстық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бірінші орынбасары.

1997 жылы Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы.

1998-2001 жылдары – Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты.

2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі.

2003-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

2014 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.