Қанатбек
Бейсенбекұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қазақстан Республикасы Президентімен тағайындалған депутаты (Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі және хатшысы).
1962 жылдың 24 наурызында туылған.
Білім жоғары. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
2016 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде «Мұнай және газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі (Master of MBA) біліктілігін алды.
Заң ғылымдарының докторы. 2002 жылы «Қазақстан Республикасы Үкіметі: қазіргі кезеңдегі функциялары, шығармашылық-ұйымдастырушылық және оның құқық белгілеуші қызметі» тақырыбында диссертациясын қорғады.
Еңбек жолы:
- Мәскеу мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші (1985-1986);
- Қазақ ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкер (1986-1992);
- Қазақстан Республикасы СЭБМ жанындағы «Қазақстан Сервис» сыртқы сауда компаниясы бас директорының орынбасары (1992-1994)
- Индустрия және сауда министрлігінің ГФР-дағы сауда өкілінің орынбасары (1994-1996);
- «Қазақстан әуе жолы» ҰАК сыртқы байланыстар бойынша вице-президенті (1996-1997);
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының менеджері (03.1997-05.1997);
- «Казақойл» МҰҚ Заң департаментінің директоры (05.1997-10.1997);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімі, заң бөлімі, заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісі (10.1997-02.2002);
- «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының орынбасары (02.2002-03.2002);
- «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ құқықтық қамтамасыз ету бойынша басқарушы директоры (03.2002- 04.2006);
- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ-ың басқарушы директоры (05.2006 – 11.2008)
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ың басқарушы директоры – басқарма мүшесі (11.2008-06.2009)
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігіның Жауапты хатшысы (05.06.2009-03.2010);
- Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Жауапты хатшысы (03.2010 -08.2014);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігің Жауапты хатшысы (13.08.2014-04.2019)
Мемлекеттік наградалары:
- «Құрмет» ордені (2010),
- III дәрежелі «Барыс» ордені (2015).
Ғылыми еңбектері мен басылымдары:
Елуден астам ғылыми еңбектері мен басылымдары басып шығарылған.
Отбасылы. Үш баласы бар.