Жер қойнауын пайдалануды реттеумен және осы саладағы дауларды шешумен байланысты мәселелерді талқылау бойынша отырыс өтті.
14 қаңтарда «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Парламент Сенатының депутаттары Сафинов К.Б., Сүлеймен Л.Ж., Ұлттық палата басшылығының, «Казэнерджи» қауымдастығының, мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен жер қойнауын пайдалануды реттеумен және осы саладағы дауларды шешумен байланысты мәселелерді талқылау үшін отырыс өтті. Жер қойнауын пайдаланудың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы сот және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, инвестицияларды ұлғайту және барлау, пайдалы қазбаларды іздестіру және игеру туралы ұсыныстар айтылды.