Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Депутат А.И. Лукин Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментінінің басшылығымен және жеке құраммен кездесті

24.03.2022 0

А.ж. 24 наурызда ҚР Парламентінің депутаты А. И. Лукин Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаментінінің басшылығымен және жеке құраммен кездесті. 

Кездесу барысында депутат қалалық полиция департаментінің қызметімен, материалдық жабдықталуымен және нығайтылуымен танысты.

Осылайша, департамент басшылығы сенаторды ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында және халықпен кедергісіз жұмыс жүргізу мақсатында енгізілген фронт-офистің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, депутатқа елордадағы криминогендік жағдай және полицияның қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде депутат полицейлерге Сенатта жүргізіліп жатқан заңнамалық жұмыстың барысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, сенатор әңгіме форматында ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.

Кездесуді қорытындылай келе, Андрей Лукин кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар өз қызметінде одан әрі жұмыс істеу үшін пайдаланылатынын атап өтті.
Бөлісу