Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болды

12.05.2025 0

А.ж. 12 мамырда ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.И. Лукин Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болды. 

Сапар барысында депутат орталықтың жаңа ғимаратта орналасқан қызметімен және материалдық жабдықталуымен танысты.

Кездесу барысында депутат орталықтың негізгі функцияларын іске асыру процесімен, атап айтқанда, қала қауіпсіздігі, қоғамдық орындарды күтіп-ұстауды бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау, ІІО қызметкерлерімен қылмыстың жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерімен танысты.

Сонымен қатар, сенатор Нұр-Cұлтан қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті, онда елорда тұрғындарын әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында басқарма басшылығы депутатты ведомствоның жұмысымен, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысымен, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін көрсету мәселелерімен таныстырды.

Өз кезегінде депутат Сенатта жүргізіліп жатқан заңнамалық жұмыстар туралы айтты.

Атап айтқанда, кездесудің негізгі тақырыбы конституциялық реформаны, сондай-ақ алдағы референдумды талқылау болды.

«Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы барысында Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер жобасын бүкілхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, онда еліміздің әрбір азаматы жаңа Қазақстанды құрудағы мемлекеттік шешімдерге ықпал ете алатын болады. Сондықтан елорданың әрбір азаматының алдағы референдумға қатысуы аса маңызды.», - деді сенатор Лукин Андрей.

Бөлісу