Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар В.Волков, Қ.Сафинов, А.Лукин, Н.Бекназаров Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті

23.05.2022 0

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері В.Волков, Қ.Сафинов, А.Лукин, Н.Бекназаров Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Кездесуде депутаттар Конституцияға енгізілетін түзетулер, республикалық референдумның маңызы туралы айтып, ел Президентінің 2022 жылғы 5 маусымдағы референдум өткізу туралы шешімі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына толық сәйкес келетінін атап өтті.

«27 жыл ішінде алғаш рет мемлекеттің жерге, оның жер қойнауы мен байлығына меншік құқығы, өлім жазасына толық тыйым салу, конституциялық сотта конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау және т.б. сияқты маңызды мәселелері Қазақстанның барлық азаматтарының пікірін ескере отырып қана шешілетін болады.

Біз бәріміз Конституцияға енгізілген маңызды түзетулер үшін дауыс беруіміз керек. Бұл өзгерістерде демократиялық өзгерістерге деген адалдықты көрсететін жаңа саяси реформалар бар», - деді Комитет төрағасы Владимир Волков.

Комитет хатшысы Қанатбек Сафинов республикалық референдумның, Конституциялық Соттың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетігі ретіндегі маңызы, жерге меншік құқығына қатысты түзетулердің мәні және т. б. туралы айтып берді.

Депутат Нұрлан Бекназаров өнер саласындағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық мәселелерді шешудегі мемлекеттің рөлін қозғап, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Сенатор Андрей Лукин өз сөзінде Университет ағарту бесігі және ұлттық кәсіби музыкалық білім, мәдениет және өнер орталығы бола отырып, өнердің дамуына өз үлесін қосатынын атап өтті. «Сіздің кәсібіңіздің адамдары Жаңа Қазақстанның идеологиясын жандандыруда ерекше орын алады және алдағы референдумда сіздің дауысыңыз өте маңызды», – деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, сенатор Владимир Волков алдағы референдумның табысы көбінесе азаматтардың белсенділігіне, яғни сіз бен біз арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болатынын атап өтті. Бұл біздің әрқайсымыз үшін Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосу мүмкіндігі.

Бөлісу