2019 ж. шілде-тамыз
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров өңірге жұмыс сапары аясында шымкенттіктермен кездесті. Алдымен олар мегаполистің жас белсенділерімен кездесіп, мемлекеттік жастар саясатының аспектілерін талқылады,жас қалалықтардың сұрақтарына жауап берді. А. Қапбарова мен Н. Бекназаров жоғары заң шығарушы органның жұмысы және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы әңгімеледі. Содан кейін парламентшілер ұзақ өмір сүру орталығына барып, қаланың қарт тұрғындарымен кездесті. Жаңа орталық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың өмірін ұзартуға және бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмасы бойынша ашылды. Сенаторлар "Асыл Мирас" аутист-балаларға арналған даму орталығының жұмысымен танысты.
Одан әрі сенаторлар Шымкент қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуде сенаторлар жоғарғы палатаның қызметі мен қабылданған заңдардың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Сенаторлар Сенатта қабылданған заңдар, әкімшілік аймақтық құрылымдағы өзгерістер және Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін бекіту, республикалық бюджетке өзгерістер енгізу, азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы Заң туралы толық ақпарат берді. Мәслихат депутаттары өз кезегінде мәслихат депутаттарын сайлау, медициналық саладағы реформалардың нәтижелері, кәсіпкерлерді қолдау, Жаңаталап, Тұран, Көктөбе ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, аудандық әкімдерге инфрақұрылымдық жүйелерді жоспарлау, жастар саясаты, жоғары оқу орындарына гранттар бөлу, мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлеу бойынша жекелеген өкілеттіктер беру туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы мәселелер қозғалды. Сенат депутаттары барлық мәселелер мен проблемалар мұқият қаралып, жоғарғы палатаның жұмысында ескерілетін болады деп атап өтті.
Парламентшілер Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, осы институттың дамуын, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына сараптамалық бақылауды талқылады. Айгүл Қапбарова әлеуметтік бағыттарға ерекше назар аударды.
Одан кейін Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы "САҚ" киностудиясының жұмысымен танысты. Жаңа жобалар туралы депутатқа киностудия директоры Нұриддин Патеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков айтып берді.
Айгүл Қапбарова осы жылы қабылданған "Кинематография туралы" Заң туралы пікірімен бөлісті, ұлттық киноның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсарту, отандық кинематографияны кеңінен насихаттау қажеттілігі туралы айтты. Ол ұлттық кино қолжетімді және танымал болуы керек, ол үшін заңнамалық негіз жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ кино мен анимацияны мемлекеттік қаржыландыру мәселесі талқыланды.
Өңірге сапардың соңғы пункті Айгүл Қапбарова көпбалалы ана Тілләгүл Қарсыбаевамен кездесті,ол атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін тігін цехын ашты. "Күміс алқа" иегері депутатқа мемлекеттен алынған қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, клиенттерден тапсырыстар қабылдап жатқандығы туралы айтып берді. Кездесу барысында сенатор көп балалы отбасыларды қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.