Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Атырау қаласына жұмыс сапары

23.10.2019 0

Сенаторлар Айгүл Қапбарова, Нариман Төреғалиев, Нұртөре Жүсіп, Динар Нөкетаева және Сәрсенбай Еңсегенов жұмыс сапарымен  Атырауда болды.

Сенаторлар облыстық перинаталдық орталықта болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша биылғы тамыз бен қыркүйек айларында мұнда 42 нәресте көз жұмды.

Сенаторлар сапар барысында облыстық кардиология орталығының жұмысымен танысты. Клиника заманауи құралдармен жабдықталған, мұнда кәсіби қызметкерлер жұмыс істейді. Сенаторлар орталықтың аймақ үшін де, жалпы республика үшін де маңызын атап өтті.

Депутаттар сондай-ақ білім беруде ерекше талап-тілектері бар балаларға арналған «Балаларды оңалту орталығының» жұмысымен және олардың медициналық оңалту барысымен де танысты.

Сенаторлар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің №3 Студенттер үйінде студенттермен кездесіп, әңгімелесті. Университетте «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің түрлі аймақтарынан келген студенттер білім алады.

Сапар барысында депутаттар «Атырау-ақпарат»  мекемесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамның Атырау облыстық филиалының және облыстық газеттің журналистерімен кездесу өткізіп, «APEC PetroTechnic» жоғары техникалық колледжінде болды.

Бөлісу