Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалык қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

15.11.2019 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты, ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалык қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның максаты - заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылау мен олар бойынша ұсынымдар әзірлеу, заң жобаларын мемлекеттік тілде эзірлеуде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің мэселелері жөнінде пікір алмасу.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Әділет министрі Марат Бекетаев, Президент Әкімшілігінің, Парламенті палаталары аппараттарының, Үкіметтің және орталык мемлекеттік органдардың жауапты тұлгалары мен өкілдері, сонымен бірге заң, филология білімі саласының танымал галымдары қатысты.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары негізінде заң жобаларын мемлекеттік тілде эзірлеу бойынша ұсынымдар қабылданды. Сондай-ақ ұсынымдар іс-шарага қатысушылардың ұсынымдарымен толықтырылып пысықталганнан кейін, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

Бөлісу