Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор С.Е. Лұкпанов ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

20.10.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Төраға !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасының басты мақсаттары мен маңыздылығы жөнінде әріптесіміз толық баяндап берді.

Заң жобасы шекара қызметінің шекараны күзету жөніндегі іс-қимылдарын заңнамалық қамтамасыз етуге, басқару құрылымын және қызметті өткеруді оңтайландыруды, сонымен бірге құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өткізу пунктерінде болу тәртібін реттеуді қарастырады.

Осы ретте, Заң жобасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормаларды енгізу көзделген.

Сондай-ақ, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар шекарамызды қорғау мәселесін нығайтуға, оның тұтастығын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу