Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

02.12.2020 0

Экономикалық саясат, инновациялық

даму және кәсіпкерлік комитетінің

 мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитет

отырысындағы (2.12.20ж. сағ. 11.30 212 бөлме)

баяндамасы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы  1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасымен:

- жауапты хатшылар институтын тарату және олардың міндеттерін министрліктің аппарат басшысына жүктеу көзделіп отыр;

- кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін қылмыскерлерді қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде ұстау, оларға тағайындалған мерзімдерін тек толық өтетіп, кешірім жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру арқылы қатаңдату қарастырылған;

- квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінде қос азаматтық анықталған жағдайда оларға қатысты шаралар

қабылдау, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары айқындалған;

- сонымен қатар, сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының көлемін ұлғайту күтілуде.

Заң жобасын қабылдау тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың тиімді қызметі, азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін қосымша жағдайлар жасауға ықпал етеді деп сенеміз.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.


Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу