Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

24.11.2020 0

Экономикалық саясат, инновациялық

даму және кәсіпкерлік комитетінің

 мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитет

отырысындағы (24.11.20ж. сағ. 11.30 212 бөлме)

баяндамасы

 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне персонал беру  жөніндегі  қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы !

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қарастыруға ұсынылып отырған Заң жобасының басты мақсаттары мен маңыздылығы жөнінде әріптесіміз Ершов Сергей Михайлович толық баяндап берді.

Заң жобасы қарыздық еңбек саласындағы құқықтық жағдайларды реттеу мақсатында әзірленген.

Аталған заң жобасы қарыздық еңбек саласында жұмыс істеуші азаматтарды әлеуметтік және құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарын сақтауды да қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.

  Бұған қоса, қарыздық жұмысшының жалақысын штаттағы қызметкердің негізгі еңбек ақысымен теңестіру ұсынылып, сыйақы жағы да ескерілген.

Бұдан басқа тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, жазатайым оқиға кезінде тергеп-тексеру тәртібін, персоналды беру қызметтерінің жүзеге асыру тәртібін белгілеп реттейтін нормалар енгізілген, қарыздық еңбек саласына қатысты жаңа терминдер мен ұғымдарға түсінік берілген.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.


Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу