Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

ҚР Парламенті Сенатының отырысында депутат С. Е. Лұқпановтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылау бойынша Сенаттың отырысындағы қойған сұрағы

10.12.2020 0

РАҚМЕТ!

«Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының

2020 жылғы 1 қыркүйектегі

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген

ережелерін іске асыру мәселесі бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Заңының жобасына

 

ҚҰРМЕТТІ МӘУЛЕН САҒАТХАНҰЛЫ!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Менің сұрағым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкіліне жолданды.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға түзетулер енгізу арқылы қос азаматтық анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілерді және квазимемлекеттік мекемелердің басшыларын жұмыстан босату ұсынылады.

Ағымдағы жылғы 5 қарашада Парламент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, ол оның ішінде қос азаматтық фактілерінің алдын алуға бағытталған.

ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚ. Қос азаматтық фактілерін анықтауға мүмкіндік беретін тағы қандай елдермен осындай келісімдерге қол қойылады, сондай-ақ қос азаматтықты анықтау тетігі және қос азаматтық фактілерінің жолын кесу бойынша Қазақстанда құқықтық база қандай?

Бөлісу