Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Бас заң жобасы жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында қосымша баяндама жасады

19.01.2021 0

Рахмет!

ҚР Парламент

Сенатының отырысына

 

«2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Бүгінде - еліміздің Грузия Республикасымен дипломатиялық ынтымақтастығы 25 жылдан астам қарқынды дамып келеді. Бұл, өз кезегінде, екі ел арасындағы мұнай, ауыл шаруашылығы, және туризм салалардағы сауда ынтымақтастықты арттыруда.

 Қазіргі кезде екі ел арасында автокөлікпен екіжақты, сондай-ақ үшінші елдерге немесе үшінші елдерден жүк тасымалдау рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.

Осы ретте, бүгін Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы екі ел арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін енгізу, көлік қызметтерінің халықаралық нарығындағы отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ, Заң жобасында отандық тасымалдаушылардың жүк тасымалдау көлемінің ұлғайуына олардың табысының артуына және көлік паркінің көбеюіне жағдай туғызады.

Сонымен бірге, екі ел арасындағы автокөлік қатынастарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Заң жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда - экономикалық қатынастар мен көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға оң ықпал беретін болады.

Заң жобасы Комитеттердің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды. Оң қорытындылар алынды.

Осы айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!
Бөлісу