Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенатор С. Е. Лұқпанов ҚР Заң жобасы жөніндегі комитет отырысында қосымша баяндама жасады

19.01.2021 0

Экономикалық саясат, инновациялық

даму және кәсіпкерлік комитетінің

 мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитет

отырысындағы (19.01.21ж. сағ. 11.30 212 бөлме)

баяндамасы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Баяндама

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы !

Құрметті әріптестер!

 

Ұсынылып отырған Заң жобасы қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен халықтың және қоршаған ортаның қорғалу деңгейін арттыру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы қауіпті өндірістік объектілер мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша нормаларды жетілдіру мақсатында әзірленген.

  Бұған қоса, ұйымдар мен кәсіпорындардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өздерінің жауапкершілігін күшейтетін қосымша түзетулер енгізілген.

Сонымен бірге, заң жобасымен бизнес субъектілеріне әкімшілік және қаржылық жүктемені төмендету үшін жағдайлар жасалған. Соның ішінде бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі рұқсат алуды талап еткен объектілердің тізбесі айтарлықтай қысқартылды.

Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды.

 Комитет мүшелерінен ескертпелер болған жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғандардың негізінде, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу