Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының отырысында депутат С. Е. Лұқпановтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылау бойынша Сенаттың отырысындағы қойған сұрағы

04.11.2021 0

 

РАҚМЕТ!

 

   

ҚҰРМЕТТІ МӘУЛЕН САҒАТХАНҰЛЫ!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Менің сұрағым Қазақстан Республикасы

Қаржы мониторингі агенттігінің өкіліне арналады.

 

Осы уақытқа дейін біздің  елімізде  тек  шетелдік  мемлекеттік  лауазымды тұлғалардың  қаржы  мониторингі субъектілерінен қызмет алған кездегі  операциялары терең бақылауға алынатын.

Қаралып отырған заң жобасы күшіне енгеннен кейін шетелдік жария тұлғалармен қатар  еліміздің  жария  лауазымды  тұлғаларының  ақшамен  және  өзге  де  мүлікпен жүргізілетін операцияларына да терең мониторинг жүргізіледі.

Жария лауазымды тұлғаларының тізбесін ҚР Президенті бекітетін болады.

ОСЫҒАН ОРАЙ СҰРАҚ: Бұл тізімге кім кіреді? Сізде осы жария лауазымды тұлғалардың санаттарын анықтау критерийілері бар ма және осындай тізімді қалыптастыру кезінде халықаралық тәжірибе зерттелді ма?

Бөлісу