Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Лұқпанов С. Е. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен өткен Каспий Құбыр Консорциумының салтанатты жиынына қатысты

16.11.2021 0

КҚК-ұзақтығы 1,5 мың км асатын магистральдық құбыр салу және пайдалану үшін құрылған Ресей, Қазақстан, сондай-ақ әлемнің жетекші өндіруші компанияларының қатысуымен ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы.

КҚК жүйесіне негізінен Батыс Қазақстанның ауқымды кен орындарынан мұнай, сондай-ақ ресейлік өндірушілердің шикізаты түседі.

Каспий Құбыр Консорциумы алғашқы танкерді 2001 жылдың 13 қазанында теңіз терминалына жүктеді. 2001 жылдан бастап 2018 жылғы 30 қарашаны қоса алғанда Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры жүйесі арқылы әлемдік нарықтарға 577 млн тоннаға жуық мұнай жеткізілді. Оның 502 млн тоннасы-қазақстандық жүк жөнелтушілердің мұнайы және Ресей аумағында өндірілген 75 млн тоннаға жуық қара алтын.

КҚК мұнай құбыры жүк жөнелтушілерге мұнайды әлемдік нарықтарға тасымалдауды баламалы нұсқалармен салыстырғанда неғұрлым сенімді және экономикалық тиімді тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді
Бөлісу