Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының отырысында депутат С. Е. Лұқпановтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қолдауға арналған баяндамасы

23.12.2021 0

РАҚМЕТ!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында

жаңа реттеушілік саясатты ендіру және

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының

жекелеген функцияларын қайта

бөлу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 бойынша депутат C.Е. Лұқпановтың

бірінші оқылымдағы

қолдауға арналған баяндамасы

 

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Жаңа менің әріптестерім кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясатты ендіру және ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша қаралып жатқан заң жобасының негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі баяндап өтті.

Қаралып отырған заң жобасы реттеушілік саясаттың жаңа мақсаттарын, базалық тәсілдерін айқындау арқылы кәсіпкерлікті реттеу реформасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы бизнестің пікірін ескере отырып әзірленді және қатаң реттеуден бизнестің іскерлік белсенділігіне көшуді көздейді.

Сондай-ақ заң жобасы кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені төмендетуге, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін тексеру жүйелерінен профилактикалық іс-шараларға қайта форматтауға, негізсіз, ескірген және шамадан тыс реттеушілікті анықтауға және заңнамалық талаптарын белгілеуге бағытталған.

Осылайша, кәсіпкерлік саласындағы міндетті тізілімін енгізу, кәсіпкерлік субъектілерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Осыған орай, заң жобасында көзделіп отырғандай, жаңа бір талапты енгізу кезінде қолданып жүрген екі талапты, сонымен бірге тексерудің айрықша тәртібін алып тастау сияқты жаңашылдықтар бизнес-ортаның тиімділігін арттыруға және оны реттеудің тетіктерін оңайлатуға көмектесетін болады.

Құрметті әріптестер! 

Жоғарыда аталған заң жобасын толығымен қолдаймын, сондай-ақ әріптестерімді қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Бөлісу