Сенат депутаты С.Е. Лұқпановтың су тасқынымен күрес жүріп жатқан Атырау өңіріне жұмыс сапары
Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында екінші толқынмен келуі ықтимал тасқын суға дайындық барысымен танысты. Депутат сапар барысында аудан орталығындағы бөгет салу аймағында болып, әскери қызметшілермен және еріктілермен әңгімелесті. Сенатор көрсеткен көмегі үшін оларға алғысын білдірді.
«Қазір ауданның барлық ауылдарында тасқын су зардабын болдырмау үшін дайындық жұмыстары күшейе түсті. Бөгет құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алайда, жергілікті атқарушы органдар маңызды проблема болдырмау үшін бұл мәселеге көбірек назар аударуы тиіс», - деп сенатор Лұқпанов.
«Қазіргі уақытта республикалық деңгейде шұғыл назар аударуды талап ететін бірқатар маңызды мәселелер бар. Сенатор өңірлерде болған кезде төтенше жағдайдың зардабымен күресте барынша көмек көрсетеді. Сенатор өз кезегінде болашақта мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін заңнамалық деңгейде атсалысуға дайын», - деді сенатор.