Сенат депутаты С. Е. Лукпановтың 2025 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін Атырау облысына сапары
Сенатор Сағындық Лұқпанов а.ж. 29 шілдеде кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысу және мұнай өңдеу саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында өндірісті жаңғырту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зауыт жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, «Tazalyq» жобасы аясында механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту аяқталды. Тазартылған суды қайта пайдаланудың арқасында ағынды сулармен ластаушы заттардың шығарылу көлемі азайды. 2024 жылдан бастап 423 736 мың м³ тазартылған ағынды сулар қайта пайдаланылды.
А.ж. 30 шілдеде Сағындық Лұқпанов «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ (ҚТЖ) филиалының өкілдерімен Атырау облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Күн тәртібінде жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдің теміржол саласын одан әрі дамыту және оңтайландыру мәселелері болды.
Сондай-ақ депутат Атырау облысының Исатай, Махамбет, Индер және Қызылқоға аудандарында жұмыс сапарымен болды.
Сапар аясында депутат жергілікті тұрғындармен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен және мемлекеттік орган басшыларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Сағындық Лұқпанов Парламент қабырғасында атқарылып жатқан заңнамалық жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, ел мүддесіне бағытталған бастамалар мен реформалар жайында ой бөлісті.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау мен оларды келер ұрпаққа аманаттау мәселесіне де ерекше тоқталып, елдік сана мен рухани тұтастықтың маңызын атап өтті.