Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысында болды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысындағы Әйтеке би және Хромтау аудандарының тұрғындарымен кездесті. Ауруханалар, колледждер, кітапханалар мен музыкалық мектептердің және басқа да әлеуметтік нысандардың ұжымдарымен жүздесудегі талқылаудың негізгі тақырыбы – ел Конституциясына алдағы өзгерістер, сондай-ақ бүкілхалықтық референдум өткізу мәселелері болды.
«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияға өзгерістер енгізу - жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған тарихи кезең, ол халықтың ерік-жігерін оятуға серпін береді», - деді депутат.
Депутат сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, сала қызметкерлерінің алдағы іс-шаралардағы қызметіне сәттілік тіледі.