Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Ақтөбе облысының тұрғындарымен алдағы референдумды талқылады

24.05.2022 0

Парламент Сенатының депутаттары Бауыржан Қаниев пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысының аудандарында болып, бірқатар елді мекендерді аралады және өңір тұрғындарымен әңгімелесті.

Ембі қаласы мен Жұрын ауылы тұрғындарымен кездесулердің басты тақырыбы Президенттің бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалар және ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумның маңызды туралы болды.

«Референдум – демократияның маңызды институты, өйткені онда мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша халықтың пікірі ескерілетін болады», - деді Мұхтар Жұмағазиев.

Сенаторлар Ақтөбе тұрғындарымен де бірқатар кездесулер өткізіп, облыс орталығының әлеуметтік маңызды нысандарын аралады. Олар «Бопай» балабақшасының жұмысымен танысып, білім беру саласының қызметкерлерімен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.

«Референдум жастар үшін аса маңызды. Өйткені сайлаушылардың негізгі аудиториясы – жастар. Жастар өз кезегінде алдағы өзгерістерге зор үміт артады», - деді Бауыржан Қаниев.

Депутаттар сонымен қатар жерлестеріне ҚР Парламенті Сенатының заң шығару жұмысы туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу