Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

20.01.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Біріншіден, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлық, теңгерімділік және прагматизм қағидаларын қалыптастырған стратегиялық көзқарасы арқасында, сыртқы алаңда маңызды жетістіктерге қол жеткізгенімізді атап өткен жөн деп санаймын.

Мемлекетіміз халықаралық аренада өзінің субъектілігін бекітіп, әлемнің 186 мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және олармен геосаяси және геоэкономикалық күйзелістерге тұрақты иммунитеті бар өзара тиімді серіктестік құрды.

Қазіргі уақытта бұл бағытты Мемлекет басшысы, тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәтті жалғастыруда.

Аталаған Заң жобасымен дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдерді жүргізу, дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелерді кіргізу, шет елдердегі мекемелердің шаруашылық қызметі мен қаржылық тәртібіне байланысты мәселелерді жүйеге келтіру және «Дипломатиялық пошта» ұғымы секілді депломатиялық маңыздылығы жоғары өзгерістерді енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасын іске асыру 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 183,2 млн. теңге соммасында қаржы бөлуді талап етеді.

Әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу