Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

27.01.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Мемлекет басшысы, Қазақастан Халықына жолдауларында қылмыстық сот ісін жүргізудің ашықтығын күшейтуді тапсырған болатын. Соның аясында, әріптестерімізбен қолданыстағы 3 кодекске және 7 Заңға өзгеріcтер мен толықтырулар енгізу туралы бірқатар тұжырымдамалық түзетулер ұсынылып отыр. Атап айтқанда:

Біріншіден, сотталғандардың қаржылық жағдайын ескере отырып, қылмыстық-атқару кодексіне мемлекеттік кепілдік аясында заң көмегін алу құқығын енгізуді көздейді.

Екіншіден, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қорғау тарапы не жәбірленуші өкілінің өтінішхаты негізінде тиісті тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтірілген істер бойынша тергеу судьясының сот отырысын тағайындау міндеті қарастырылады.

Үшіншіден, адвокаттың өкілеттілігін кеңейтуге бағытталған келесі түзетулер қолданылады:

- іске кіріскен сәттен бастап, қылмыстық істі қозғауға негіз болған процестік құжаттардың нақты тізімімен танысу;

- күдіктінің, айыпталушының, куәнің мүдделерін қорғау үшін қажетті мәліметтерді талап ету;

- қорғалушының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қысқаша консультациялар беру;

- сот сараптамасын жүргізу туралы өтінішхаты бойынша, оны тағайындау тәртібі регламенттеліп, қарау барысында негізсіз созылуын болдырмау.

Бұл түзетулер адвокаттардың қорғау бағытын тиімді құруға мүмкіндік бере отырып, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқықтарының кепілдіктерін арттырады.

Аталған заң жобасын талқылау кезінде, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу