Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

03.02.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Марғұлан Бақытұлы өз баяндамасында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасымен көзделіп отырған түзетулерді толық айқындап берді.

Ұсынылып отырған Заң жобасы, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының заңдарымен арақатынасын және оларды қолдану тәртібін айқындайтын жаңа толықтыруларды көздейді.

Атап айтқанда, халықаралық шарттар мәртебесіндегі өзгерістер бойынша жұртшылықты хабардар ету, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар республика алдындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы  халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру түріндегі қарымта шаралар қабылдау.

Сонымен қатар, мемлекетіміздің халықаралық аренада өзінің субъектілігін одан ары бекітуде және қарым қатынасқа ие, әлемнің 186 мемлекетімен серіктестігін нығайтуда аталған заң жобасының маңыздылығы ерекше екенін атап өтемін.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкелмейді және оны іске асыру бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Әзірлеуші мемлекеттік органның қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу