Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

03.03.2021 0

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Құдиярұлы, өз баяндамасында қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормалары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Аталған Заң жобасы, сот жүйесінің жұмысын ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкестендіру мақсатында, Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту және қолайлы инвестициялық орта жасау қажеттігіне сәйкес инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сот арқылы шешу тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Заң жобасын талқылау бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, мен осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулерсіз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу