Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

17.03.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна,

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Расылханұлы өз баяндамасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасымен көзделіп отырған нормаларға тоқталып өтті.

Аталған Заң жобасын қабылдау, келісуші екі мемлекеттің арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастықты арттыруға және мемлекет аумақтарында көші-қон процестерін реттеуге мүмкіндік береді.

Осы келісім шеңберінде Тараптар, қос азаматтық фактілерін жедел анықтап, оның жолын кесуге және заңсыз көші-қонға қарсы күреске бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, келісуші мемлекеттердің аумақтарындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында, өз мемлекеттерінің заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпарат алмасудың тәртібі мен шарттарын, дербес деректерді қорғауды және берілетін мәліметтердің құпиялылығын сақтау туралы ережелерді айқындайды.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, мен осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулерсіз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу