Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

26.05.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

(Комитет отырысына, 26.05.2021 ж.)

 

 

Құрметті Ольга Валенитновна!
Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,  инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрі Азамат Байқуанышұлы, өз баяндамасында қаралып отырған «1994 жылғы
10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасының нормалары туралы толық баяндап берді.

Аталған хаттамаға 2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында қол қойылған болатын және оның негізгі мақсаты 3 мыңнан астам ғарыш зымырандары мен 150-ге жуық ғарышкерді орбитаға ұшырған, әлемдегі ең сенімді және белсенді «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға беру.

Жалға беру кезеңінде республикалық бюджетке жылына 115 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы түсетін болады.

Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешенінің қызмет етуінің түрлі мәселелерін реттейтін қосымша 70-ке жуық халықаралық шарттар бар. Атап айтқанда,
76 мыңнан асатын қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатындағы екі ел арасындағы келісулер. Бүгінгі таңда, тұрғын үй құрылысы, газдандыру мен білім беру мәселелері секілді жұмыстар шешімін тауып отыр.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу