Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

(Бас заң жобасы) «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

13.05.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С.Орынбековтің «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндамасы

(Сенат отырысына, 13.05.2021 ж.)

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы,

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

 

Қырғызстан Республикасына үшінші елдерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін, толық қолданудың өтпелі кезеңі жөніндегі уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған хаттама, 2020 жылғы 14 сәуірде Мәскеу қаласында жасалды.

Хаттаманы ратификациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қырғызстан Республикасына импортталатын азық-түлік, дәрілік, түсті металдардан жасалған кейбір бұйымдар мен жабдықтар сияқты, 139 тауар позициясына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі толық мөлшерде қолданылып, кедендік-тарифтік реттеу саласын қамтиды.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің болжамды есептеулеріне сәйкес, 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымынан түсетін шартты түсімдер, 2020 жылмен салыстырғанда 172 млн. теңгеге артады. Алайда, бұл көрсеткіш аталған Заң жобасын қабылдау нәтижесінде, қосымша артуы жоспарланып отыр.

Бұл келісім, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11-бабының
2) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.

Заң жобасын қарау барысында жұмыс тобының, комитеттің және кеңейтілген комитеттің отырыстары өткізілді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен аталған заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясы
61-бабының 4-тармағына сәйкес «2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауды ұсынады.

 

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу