Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

29.09.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

(Комитет отырысына, 29.09.2021 ж.)

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна!
Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Тұрарұлы, өз баяндамасында қаралып отырған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасының нормалары туралы толық баяндап берді.

Аталған келісім, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін басқарудың техникалық негізінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде, байланыс жүйелерінің кепілді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі күш-жігерді біріктіру қажеттілігіне бағытталған.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін құру, осы елдердің өзара мүдделілігін білдіретін бағыттар мен мәселелер бойынша әскери саладағы ынтымақтастық деңгейін арттыруға және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мумкіндік береді деп санаймын.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Бөлісу