Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Батыс Қазақсан облысына іс-сапары

04.05.2021 0

Батыс Қазақстан облысына сапардың мақсаты - аймақтың дамуына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралау.

4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Тұяқбайқызы Рысбекова Казталов ауданында жұмыс сапарымен болды.

Депутат алдымен Сарықұдық, Жалпақтал ауылдарында болып, онда салынып жатқан 60 орындық мектеп ғимараты, спорт кешені, 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында сөз алған қоғам белсенділері жергілікті жерде шешімін табуға тиісті мәселелер жөнінде сауалдар қойып, сенаторлар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Одан кейін Жалпақтал ауылындағы шағын сауда үйі мен түшпара цехын аралап, кәсіпкерлік саласы бойынша шағын әмбебап дүкендер желісінің иелерінің жағдайларымен  танысты.

Сенатор аудан орталығында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында салынып жатқан А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің құрылыс жұмыстарымен, аудандағы эпидемиологиялық ахуалмен танысып, зиялы қауым өкілдерімен, белсенділермен кездесті.

Сенатор елімізде қабылданып жатқан бірқатар заңдарға тоқтала отырып, қойылған сауалдарға жауаптарын беріп, жеке пікірімен де бөлісті.

Сенатор қозғалған мәселелердің ауқымы, әсіресе облысымыздың оңтүстік аудандарындағы ахуалды ескеріп, кейбір мәселенің оң шешімін табуына атсалысатындығын жеткізді. Айтылған мәселелердің облыс көлемінде шешілу керектігін де атап өтті. Нақтырақ айтар болсақ, көрші елден келетін судың көлемі, ақбөкендердің даланы иемденуі, сымсыз байланыс желілерінің сапасыздығы, жолдың жыры оңтүстік аудандардың күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

Сайлаушылармен кездесуден соң Казталов аудандық ауруханасына барып, эпидемиологиялық ахуал мен вакцинациялаудың жүргізілу барысымен танысты.

Сол күні Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан орталығында жұмысы жүріп жатқан бірнеше нысанды аралады. Бантюков қыстағында орналасқан «Әлем» шаруа қожалығының етті бағыттағы өндіруші асыл тұқымды бұқалар ұрпақтарының сапасы мен бұқаларды өз өнімділігі бойынша сынауды тексеретін  және бағалайтын сынақ стансасымен  танысты.

Жәнібек ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде және құрылысы жүріп жатқан екіқабатты 24 пәтерлі тұрғын үйде болды.

Жәнібек-РФ шекарасына барып, ондағы жағдаймен танысты.

5-мамыр күні бөкей Ордасы ауданына барып, Облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығына келді. Тарихи орындарды аралаумен қатар, музей-қорықтың реставрациялық қалпына келтіру, туризмді дамыту бағытындағы, визит-центр,  әкімшілік ғимарат салу құрылыс жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға өзінің қолдауын білдірді.

Хан ордасы ауылынада «Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мекемесіне барып жұмыс барысымен танысып өтті.

5 мамыр күні түстен кейін Ләззат Рысбекова Жаңақала ауданына барды.

Ең алдымен Мәстексай ауылдық округінің аумағындағы орналасқан Жалғызқұдық қыстағы маңында жергілікті шаруалармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Одан кейін аудан орталығындағы «Техно Сила», «Стройбаза» сауда үйлеріне аялдады. Сенатор аудан кәсіпкерлерінің жеткен жетістігіне ризашылық білдіріп, береке тіледі.

Мұнан кейін рухани орталықта болып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Артынша Жаңақала колледжіне барып, «Жас маман» бағдарламасы аясында жабдықталған құрылғылармен, «Жолаушы жол» ЖШС-нің жұмысымен толыққанды танысып, мән-жайға қанықты.

Сенатор қозғалған мәселелердің ауқымы, әсіресе облысымыздың оңтүстік аудандарындағы ахуалды ескеріп, кейбір мәселенің оң шешімін табуына атсалысатындарын жеткізді. Ол айтылған мәселелердің облыс көлемінде шешілу керектігін де атап өтті. Нақтырақ айтар болсақ, көрші елден келетін судың көлемі, ақбөкендердің даланы иемденуі, жолдың жыры оңтүстік аудандардың күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

6 мамыр күні Тасқала ауданына барып, аудандық коммуналдық шаруашылығында, «Шевченко» жеке кәсіпкерлігінің питомнигінде, Ақтау ауылының дамбасында және ІІ Шежін ауылында ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмысымен танысты.

 

Бөлісу