Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасы

06.10.2020 0

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттама бойынша

 

Неге нормативтер өзгереді?

 

1. Нормативтер 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды.

 

2. Беларусияда импорт өсті. 2018 жылы импорт 14 116 млн. доллар құрады. Баждарды жинау коэффициенті 5,149% құрады. Ал Беларусияның бөлу нормативі 4,560%.

Ал ҚР-да импорт 17 677 млн. $ дейін төмендеді. Баждарды жинау коэффициенті 6,079% құрады. Ал норматив 7,055% құрады.

Осылайша, Беларусь оның нормативін 0,3% процентқа арттыру туралы мәселені көтерді.

 

3. Одақ мемлекеттерінің басшылары баждарды бөлу әдістемесін әзірлеуді тапсырылды.

Әдістеме 2-3 жыл ішінде жасалды.

Бірыңғай шешімге келген жоқпыз.

Егер біреуі пайдалы болса, екіншісі пайдалы емес.

Сондықтан мәселе одақ мемлекеттері басшыларының деңгейіне шығарылды.

Мемлекет басшылары нормативтерді мынадай мөлшерде бекіту туралы шешім қабылдады:

Армения – 1,220 (бір де екі жүз жиырма процент);

Беларусь – 4,860 (төрт те сегіз жүз алпыс процент);  (+0,3%)

Қазақстан – 6,955 (алты да тоғыз жүз елу бес процент);  (-0,1%)Қырғызстан – 1,900 (бір де тоғыз жүз процент);

Ресей – 85,065 (сесен бес те екі  нөл алпыс бес процент). (-0,2%)

Қазақстан барлық кезеңде 2 538,2 млрд. теңге алды. Басқа мемлекеттерге 2 181,3 млрд. теңге аударды.

Оң сальдо 356,9 млрд. теңге құрады.

Нормативтің төмендеуімен де оң сальдо күтіледі.

Бөлісу