Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. С.Әшімбаев бастаған бір топ Сенат депутаттарымен Қостанай облысына іс-сапар.

18.11.2024 99

Іс-сапар барысында Kia автомобиль құрастыру зауыт құрылысының барысымен,"KamLitKZ"ЖШС шойын құю зауыты, AGROMASH зауыты және "СарыарқаАвтоПром"ЖШС-нің қызметімен, сондай-ақ Жастар сарайы, IQostanay"балаларға арналған SMART орталығының қызметімен танысып,  барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен және Қостанай облысының жұртшылығымен кездесу өткізудеміз. Іс-сапар шеңберінде,   М.С.Әшімбаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында машина жасауды дамытудың заңнамалық негіздері» атты дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысының әкімі Қ.І.Ақсақаловтың, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі О.С.Сапарбековтың, Парламент Сенатының депутаты Е.А.Больгерттың, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы М.Қ.Пішембаевтың баяндамалары тыңдалып, жан-жақты талқыланып, Мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде ірі жобалардың іске асыру туралы мәселелері көтерілді.  Барлық ұсынылған пікірлер мен ескертулер ҚР Парламенті Сенатының заң шығару жұмысында одан әрі ескерілетін болады.

Бөлісу