Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат А.Нухұлы Баскөль ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

26.02.2026 169

2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылына жұмыс сапарымен барды.

Іс-шараға Май аудандық мәслихатының төрағасы Хызыр Мейрамбек және «AMANAT» партиясы Май аудандық филиалының атқарушы хатшысы Солтанов Серік Сабырұлы қатысты.

Сапар аясында алғашқы кездесу Баскөл ауылының тұрғындарымен өтті. Кездесу барысында сенатор елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сот төрелігінің әділдігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталғаны жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, тұрғындармен ашық диалог форматында пікір алмасу жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Бөлісу