Жастар және жас спортшылармен кездесу
Кездесу барысында депутат қазіргі жаһандық өзгерістер мен жасанды интеллект дәуірінде жастардың рөліне ерекше тоқталды. Ол жастардың жаңа технологияларға бейімделуі, білім мен ғылымға ұмтылысы еліміздің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Сенатор өз сөзінде жастарға үлкен үміт артатынын жеткізіп, олардың елдің зияткерлік және рухани дамуына үлес қосатын білікті азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Кездесу соңында жастарға ақ жол тілеп, олардың болашақта ел дамуына серпін беретін білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болатынына сенім білдірді.