Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Бас Заң жобасы емес, бюджеті нақтылау бойынша) «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша С.А. Мәкежановтың комитеттің отырысындағы қосымша баяндамасы

27.10.2020 0

2020 жылғы 27 қазандағы, сағ.15-00 Комитет отырысына



Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер!

 

Қараудағы «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің жұмыс тобының отырысына қатыстым. Отырыста қарау барысында бірқатар мемлекеттік органдардың баяндамалары тындалды. Негізінен дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсету бойынша және басқа да сауалдар қойылды. Тиісті министрліктің мәліметі бойынша өтінім білдірген 5% дәрігерлердің өтінімдері қараусыз қалдырылған, себебі дәрігерлер тарапынан өтінімдерді рәсімдеуден қате кеткен.

Біздің Комитетіміздің кеше өткен жұмыс тобының отырысында құқық қорғау органдарының бюджетті игеруге қатысты баяндамалары тындалды.

Есеп комитетінің 2020 жылғы бірінші жартыжылдығы бойынша әзірленген есебіне сәйкес, кейбір мемлекеттік органдардың қаржыны игермеу фактілері орын алып отыр, мәселен: ҚР Жоғарғы Соты – 1,5 млрд.теңге, ҚР Бас Прокуратурсы – 1,5 млрд. теңге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі – 400 млн.теңге, ҚР ҰҚК – 600 млн.теңге.

Ішкі істер министрлігінен коронавирус пандемиясымен күрес шараларына қатысқан қызметкерлердің төлемақылары туралы сұрақтар туындады.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардан жазбаша түсініктемелер алынды және де жылдың соңына дейін қаражатты игеру толығымен іске асады деген сенім орын алды.

Ендігі кезекте өздерінің қарап отырған 2020 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік экономикалық даму болжамы туралы Ұлттық экономика министрлігі толықтай баяндады.

2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлер болжамы келесідей: республикалық бюджеттің кірісі 185 млрд. теңгеге ұлғайып 12 трлн. теңге көлемінде анықталды, ал республикалық бюджет шығыстары 205 млрд. теңгеге ұлғайып, 14 475 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.

Нақтылау туралы заң жобасының негізігі міндеттерінің бірі мединалық қызметкерлерге, ішкі істер қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсету және COVID-19 таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау болып табылады. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 млрд. теңге қосымша шығыстар көзделген, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықтар төленуге 11,7 млрд. теңге қаралған. Экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 млрд. теңге көлемінде шығыстар көзделген. Осыған қосымша републикалық бюджетте төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты 160 млрд. теңге сомасы көзделген.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңге (16 037 теңге);

- зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңге (36 108 теңге),

- АЕК 2 778 теңге (2 651 теңге);

- ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасы 32 668 теңге (29 698 теңге) деп белгіленді.

Құрметті әріптестер, айтылғандардың негізінде назарларыңызға ұсынылған заң жобасы бойынша Сенаттың бас комитетіне оң қорытындымызды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу