Серікбай
Өтелгенұлы
1964 жылы 3 маусымда туылған. Білімі жоғары.
1992 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы "Маңғышлақ селолық құрылыс - 12" трестінде ІІ дәрежелі бетоншы болып бастаған.
1983 – 1985 жылдары Кеңес Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.
05.06.1985 - 01.09.1990 ж.ж. "Маңғышлақ селолық құрылыс - 12" мекемесінде қызмет етті.
02.09.1990 - 10.11.1991 ж.ж. Форт-Шевченко қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ІІ хатшы, І хатшы.
10.11.1991 - 15.08.1994 ж.ж. Форт-Шевченко қалалық Қазақстан жастар одағының хатшысы.
16.08.1994 - 16.01.1995 ж.ж. Түпқараған аудандық мәслихаты Депутаттар жиналысы аппаратының бас маманы.
16.01.1995 - 29.10.2004 ж.ж. «Түпқараған» акционерлік қоғамының жетекші инженері, "Түпқараған" акционерлік қоғамы филиалының директоры.
01.11.2004 - 27.11.2006 ж.ж. Түпқараған ауданының әкімі.
27.11.2006 - 11.11.2008 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
11.11.2008 - 09.02.2012 ж.ж. Түпқараған ауданының әкімі.
09.02.2012 - 10.07.2015 ж.ж. Жаңаөзен қаласының әкімі.
10.07.2015 - 13.11.2017 ж.ж. Ақтау қаласының әкімі.
22.11.2017 - 12.06.2019 ж.ж. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы.
13.06.2019 - 07.09.2021 ж.ж. Маңғыстау облысының әкімі.
2021 жылы 10 құрқүйегінде ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
2010 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2016 жылы Құрмет» ордені мен наградталды.