Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан мен Германияның парламентаралық ынтымақтастығы

19.12.2022 0

Сенатор Ләззат Қалтаева ГФР Бундестагының депутаты, «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының мүшесі Кристиан Горкемен кездесті.

Сенатор кездесу барысында Германия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ол екі елдің Парламенттерінде жұмыс істеп келе жатқан достық топтары парламентаралық диалогтың берік негізін құрайтынына тоқталды.

Ләззат Қалтаева елімізді одан әрі демократияландыру және азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы туралы хабардар етті. Сенатор Мемлекет басшысының бастамалары еліміздің қазіргі саяси жүйесін түбегейлі өзгертетініне тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан өз дамуының маңызды тарихи кезеңінде тұр. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша барлық салаларда кешенді және жүйелі өзгерістер жүргізілуде. Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді, тіркеу кедергісі төмендетілді. Сайлауалды партиялық тізімдерде және депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілді. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5%-ға дейін төмендетілді. Парламенттік оппозиция институты құрылды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі және тағы басқа да өзгерістер енгізілді. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес саяси жаңғырту жүзеге асуда», - деді Ләззат Қалтаева.

Кристиан Горке өз кезегінде екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды және мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде көрсеткенін атап өтті.

 

https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/7586

Бөлісу