Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті

01.06.2023 0

Тараптар кездесу барысында гендерлік теңдік және жынысы бойынша кемсітудің барлық түрі мен көріністерін жою мәселелерін талқылады.

Сенатор Ләззат Қалтаева Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында әйелдер мен ерлердің тең құқығына қол жеткізу міндеттемесі бекітілгенін атап өтті. Оған заңнаманы жетілдіру мен ұлттық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік әсерді бағалауды кіріктіру жөніндегі міндеттеме енгізілген болатын. Сенатор Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы туралы да айтып берді.

Бөлісу